Абиба Әбужақынова Парижде бесінші орынға табан тіреген
Дзюдодан Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған Абиба Әбужақынова түбегейлі жаттығуға кірісті.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде фотосурет жариялап, немен айналысып жүргенін жазды.
«Жаттығуға кірістік», - деді спортшы.
Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында бесінші орынға табан тіреген болатын. Спортшы ширек финалға дейін екі қарсыласын ұтқанымен, жартылай финалға шығар жолда испан дзюдошысынан ұтылды. Алайда ол жұбаныш белдесуінде Парагвай өкілін ұтқанымен, қола жүлде үшін күресте Швеция спортшысынан айласын асыра алмады.
Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін спортшы бірер ай тыныққан соң, Абу Дабиде өткен турнирге қатысқан болатын. Сол сында спортшы қола жүлде иеленді.