Қазақстандық ауыр атлет – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

10.12.2024, 22:37

Қостанайлық спортшы 368 келі (164+204) салмақты көтерді

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин (81 келі) Манамеде (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Қоссайыс нәтижесінде қостанайлық спортшы 368 келі (164+204) салмақты көтерді.

Тағы бір қазақстандық Александр Уваров (81 кг) 5-орынға тұрақтады.

Ал бірінші орынды Солтүстік Корея өкілі Ри Чонг Сонг иеленді – 371 келі (166+205). Үздік үштікті өзбекстандық Мухаммадкодир Тоштемиров қорытындылады - 355 келі (165+190).

Айта кетейік, Чуркиннің медалі - биылғы әлем чемпионатында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының алғашқы жүлдесі.