Бас мүфти балуан Ризабек Айтмұханмен кездесіп, дұға оқыды

Редактор
11.12.2024, 12:03

ҚМДБ төрағасы  20 жастағы балуанды жеңістерімен құттықтады

ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еркін күрестен қазақ балуандары арасында тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханмен кездесті.

Бас мүфти 20 жастағы балуанды соңғы екі жылдағы жарқын жеңістерімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

«Күрес – асыл дінімізде ерекше құпталған, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналатын әрі қазақтың қанына сіңген спорт. Бозкілемде жауырыныңызды жерге тигізбей, әлемдік додаларда еліміздің даңқын асырып келесіз. Алла Тағала жетістігіңізді ұзағынан етіп, өзіңізді жарақат атаулыдан, тіл-көз, қауіп-қатерден сақтағай. Жеңісті жолыңызды жалғап, келесі Олимпиадада чемпион атануыңызды тілеймін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, Ризабек Қанатұлы 2023 жылы еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Ал биыл 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлемдік турнирлерде тағы да өзінің шеберлігін дәлелдеді.