Оның кезінде допинг дауы өршіген
Бүгін елімізде тағы бір спорт федерациясының президенті ауысты. 10 жылдан астам уақыт Ауыр атлетика федерациясын басқарған Жанат Түсіпбеков орнын босатты. Оның орнына осыған дейін вице-президент болған Гаджи Гаджиев сайланды.
Айта кетейік, Жанат Түсіпбеков еліміздің құқық саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған, ҚР Бас прокуроры, қаржы полициясының төрағасы, жоғары сот төрағасы секілді лауазымды қызметтер атқарған Рашид Түсіпбековтің ұлы.
Жанат Түсіпбеков ауыр атлетика федерациясын басқарған тұста Қазақстанда допинг дауы өршіді. Бірнеше спортшы Олимпиада мен әлем чемпионаттарындағы жүлделерінен айрылды.