Спортшының бұл тілегі әлеуметтік желіде хит болып жатыр
Әлеуметтік желіде бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың тойда айтқан тілегі тарады.
«Керемет жұп! Күйеу бала көзіне көзілдірік тағыпты. Соған қарағанда ақылды секілді. Бірақ спортшы емес екені анық. Тоғыз айдан кейін ұл не қыз туады. Кім туса да маған әкеліңдер, бокстан Олимпиада чемпионы шығарамын», - дейді Ермахан Ыбырайымов тойда жас жұбайларға тілек айтып тұрып.
Спортшының бұл тілегі әлеуметтік желіде хит болып жатыр. Әртүрлі пікірлер жазылған.
Айта кетейік, алдағы 1 қаңтарда Ермахан Ыбырайымов 53 жасқа толады. Ол бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.