Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиаданы ұтқан танымал балуан Түркияда лауазымды қызметке сайланды

Редактор
19.12.2024, 15:51

Таха Ақгүл спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген

tonyrotundo.smugmug.com

Еркін күрестен Олимпиада чемпионы, Түркияның танымал спортшысы Таха Ақгүл спорттық мансабын аяқтаған соң лауазымды қызметке кірісті.

Үш Олимпиадада жүлде алып, бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған балуан сайлауға түскен еді. Федерацияның кезектен тыс съезіне 289 делегат қатысып, Тахамен бірге президенттікке грек-рим күресінен үш дүркін әлем чемпионы Сельчук Чеби де түскен. Нәтижесінде Таха Ақгүл дауыс берушілердің 189 даусына ие болды.

Париж Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде қырғыз балуанын ұтқан Таха Ақгүл спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

Таха Ақгүл Рио Олимпиадасында чемпион атанды. Сондай-ақ, ол Токио және Рио Олимпиадасында қола жүлде еншілеген. Әлем чемпионатының финалына бірнеше рет шығып, 3 рет алтын, 2 рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, Еуропаның 11 дүркін чемпионы атанды.

 

Жарнама
Жарнама

Материалда: