Қазақстанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

21.12.2024, 23:56

Осыдан он жыл бұрын елімізде әлем чемпионаты өткен

Архив: olympic.kz

Алдағы жылы елімізде ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҰОК-нің бапсасөз қызметі мәлімдеді.

19 желтоқсанда Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталып, соның аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесулер өткізген.

Сол кездесудің нәтижесінде ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданған.

Бұған дейін Қазақстанда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өткен болатын. 2014 жылы Алматыда ересектер арасында өткен біріншілікте Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаев, Зүлфия Чиншанло әлем чемпионы атанған болатын.