Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды

22.12.2024, 23:45

Ризабек Айтмұқан болса қола жүлдегер атанып отыр

olympic.kz

Таразда күрес түрлерінен Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті.

Еркін күрестен әлемнің ең үздік балуандарының бірі саналатын Азамат Дәулетбеков (92 кг) финалда өзбек балуаны Шерзод Пойоновты 3:0 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Азамат Дәулетбеков бұған дейін 82 келі салмақта Париж олимпиадасына қатысып жүлдесіз қалған еді. Сондай-ақ, ол 2022, 2023 жылы Белградта өткен Әлем чемпионатының екі рет қола жүлдесін жеңіп алған. Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы: 2017 жылы Нью-Делиде – күміс, 2018 жылы Бішкекте үшінші орынды қанағат тұтқан болатын.

Бұл турнирге биыл Қазақстаннан бөлек АҚШ, Бразилия, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстанның балуандары қатысты.

Еске салайық, жартылай финалда америкалық балуаннан жеңіліп қалған Ризабек Айтмұқан болса үшінші орын үшін күресте жеңімпаз атанып, қола жүлдені еншіледі.