Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді

Редактор
23.12.2024, 00:25

Шымкенттік София Берульцева рейтинг көшін бастап тұр

Нұрқанат Әжіқанов, фото: ҰОК

Әлемдік каратэ федерациясы (WKF) әр салмақ бойынша ең үздік ТОП-5 рейтингін жариялады. Бұл тізімде Қазақстанның бірнеше спортшысы бар.

Атап айтқанда, ерлерден -75 келі салмақта Токио олимпиадасының қатысушысы, Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері, 2023 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов өз салмағы бойынша екінші орынға тұрақтады.

Ал -67 келі салмақта ерлер арасында 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері Әмірәлі Дидар рейтингте төрттікті түйіндеп тұр.

Әйелдер арасындаы +68 келі салмақта рейтингтің көшін отандасымыз София Берульцева бастап тұр. Ол 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері, 2022 және 2023 Азия чемпионаттарының чемпионы. Сонымен қатар, 2022 Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама