Тойымның қазақы дәстүрде өткенін қаладым – Нариман Құрбановтың келіншегі

Редактор
25.12.2024, 09:10

Ол спорттық мансабына қатысты сұраққа да жауап берді

Фото әлеуметтік желіден

Спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Парижден келе сала қазақ қызымен отау құратынын айтқан болатын. Жуырда ғана ол Аида Бауыржановаға үйленіп, дүркіретіп тойын жасады.

Аиданың өзі де спортшы. Ол күйеуі секілді спорттық гимнастикамен айналысады. 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында ұзату тойдың қазақы дәстүрмен болғанын айтып берді.

«Бәрі қазақы дәстүрге сай өткіздік. Барлық салт-дәстүрдің сақталғанын қаладым. Уақыт тығыз болғандықтан, бір күннің ішінде сырға салу рәсімін де, ұзатуды да өткізіп жібердік. Өзімнің көңілімнен шықты, қонақтарға да бәрі ұнады деп ойлаймын», - деді Бауыржанова.

Ол өзінің спорттық мансабына қатысты да жоспарымен бөлісті.

«Мансабымды аяқтаған жоқпын, әзірге аяқтау туралы ойым жоқ. Қазір денсаулығымды қалыпқа келтірген соң, ақырындап жаңа маусымға дайындыққа кірісеміз», - деді ол.

Еске салайық, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер атанды. Қазақстан тарихында спорттың бұл түрінен бұрын-соңды Олимпиада медалі болмаған.