Ризабек Айтмұқан «Дарын» сыйлығына ие болды

Редактор
22.12.2023, 16:18

Ол биылғы әлем чемпионатында топ жарған болатын

instagram.com/qaz_olympics

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алғандар тізімін жариялады. Олардың арасында биыл спортта айтулы жетістікке қол жеткізген екі атлет бар.

Комиссия мүшелері «Дарын» сыйлығын «Спорт» номинациясы бойынша екі адамға беруді лайық деп шешкен. Олардың бірі – еркін күрестен ересектер арасындағы Азия чемпионаты мен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан. 

Сондай-ақ, джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы және грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері Жібек Құлымбетова аталған сыйлықтың иегері атанды.