Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Атақты өзбек дзюдошысы Диёра Келдиёрова әлемдік рейтингтің көшін бастады

31.12.2024, 11:19

Ол Париж Олимпиадасында қарсылас шақ келтірмеді

olympics.com

Әлемдік дзюдо федерациясы (IJF) әр салмақ бойынша үздіктер тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық балуандар болмаса да, көрші өзбек елінің өкілі бар.

Атап айтқанда, Париж Олимпиадасында жарыстың басты фавориті саналған жапон Ута Абэні иппонмен жеңген Диёра Келдиёрова өз салмағының (-52 кг) көшін бастап тұр.

Әйелдер арасынан әлемдік рейтингтің үздіктері:

  1. -48 келі Баасанхуу Баавуудорж 7 167 ұпай (Моңғолия)
  2. -52 келі Диёра Келдиёрова 7 905 ұпай (Өзбекстан)
  3. -57 келі Криста Дегучи 10 140 (Канада)
  4. -63 келі Андрей Лески 6 366 ұпай (Словения)
  5. -70 келі Барбара Матич 8 029 ұпай (Хорватия)
  6. -78 Анна-Мария Вагнер 7 753 ұпай (Германия)
  7. +78 келі Романе Дико 5 860 ұпай (Франция)

Ерлер арасынан әлемдік рейтингтің үздіктері:

  1. -60 келі Лука Мхейдзе 6 104  ұпай (Франция)
  2. -66 келі Виллиан Лима 5 165 (Бразилия)
  3. -73 келі Хидаят Хейдаров 8 004 ұпай (Әзірбайжан)
  4. -81 келі Тато Григалашвили 6 435 ұпай (Грузия)
  5. -90 келі Лаша Бекаури 6 000 (Грузия)
  6. -100 келі Зелим Коцоев 6 812 ұпай (Әзірбайжан)
  7. +100 келі Тедди Ринер 6 800 (Франция)

Диёро Келдиёрова Париж Олимпиадасында 1/8 финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Гранд Слам турнирлерінің 9 мәрте алтын жүлдегері, Токио Олимпиадасының чемпионы жапон қызы Ута Абэні жеңіп, сенсация жасаған болатын. Өзбектің балуан қызы төрт жылдықтың басты додасында қарсылас шақ келтірмей, Париж Олимпиадасының чемпиондық атағына қол жеткізді.

Жарнама
Жарнама