Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов өз сыйлығын білім олимпиадасының чемпионына табыс етті (ВИДЕО)

Редактор
04.01.2025, 12:24

Сметовтің өзі қазір әлемдегі ең мықты дзюдошы атағын жеңіп алудан үмітті

Хабар-тв

«Қызық премия-2024» тележобасында құрметті қонақ болған даңқты дзюдошы Елдос Сметов өзіне табысталған сыйлықты қабылдамай, оны білім олимпиадасының чемпионына бергізді.

Нақтырақ айтсақ, Сметов жобада «Жылдың үздік спортшысы» атанған еді. 

Бірақ спортшы өз марапатын білім мен ғылымды қолдау мақсатында химия пәнінен 2023 жылғы халықаралық олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстауды жөн көрді.

«Мен өзім «Жыл спортшысы» номинациясын осыған дейін 3-4 рет алдым. Қазір Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы спорт маусымын қорытындылайтын «IJF Judo Awards 2024» жүлдесінің үміткерлер тізімінің қатарына ендім. Әлемде үздік болуыма қолдау көрсетіңіздер. Енді осы «Қызық премия» берген марапатты жылдың бастамасы болсын деп, химия пәнінен олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстағым келеді», - дейді Елдос Сметов.

Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстан оқушылары IChO химиядан өткен халықаралық 55-олимпиададан бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Алтын медаль сол кезде «Назарбаев зияткерлік мектебінде» 12-сыныпта оқыған Санжар Бейсенәліге бұйырған. Бұл жарыс әлемдегі ең беделді 7 олимпиаданың қатарына кіреді.

Елдос Сметов болса былтыр Париж Олимпиадасында чемпион атанды. Ол үш бірдей олимпиадада жүлде алған Қазақстанның жалғыз спортшысы.

Жарнама
Жарнама