Оның пікірінше, спортшы күресуге шыққанда қарсыласын шамадан тыс құшақтауы дұрыс емес
Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков балуандар арасында қарсыласымен бозкілемде құшақтасып, шамадан тыс «құрмет» көрсеткіш балуандарға қатысты пікір білдірді.
Белгілі балуанның сөзінше, әрбір спортшы күресуге шыққанда қарсыласын шамадан тыс құшақтап, ілтипатын білдіре беруі мүлдем қажет емес. Себебі, бұл спорт заңына қайшы келеді.
«Қарсыластың ба, оны жек көруің керек. Спорттың заңы! Бұл әрине, жақсы мағынасынд айтылған сөз. Мысалы, мен күрескен кезде қарсыластарыма амандаспайтымын. Бірақ оларда не болып жатқанын, қай жері ауыратынын, білетін едім. Барлық жерде солай болады. Бұл спортшы үшін пайдалы. Саған онымен сипаласып, құшақтасып жүруіңе болмайды. Кейбір кезде жаттығуда балуандар спаррингте қарсыласына екі қолмен амандасып, құшақтасып жатады. Сондай сәтте қайтадан ысқырық беріп, тоқтатамын да «сендер құшақтасып, сүйісіп жатсыңдар. Осыдан кейін бір-біріне қалай қарсылық білдіресіңдер?» деп айтамын. Бозкілемде балуандар арасында ондай дүние болмауы керек», - деді Ислам Байрамуков.
Бүгінде Алматыдағы республикалық спорт колледжін басқаратын белгілі маман қазақ еркін күрес балуандарына қатысты үнемі пікір айтып келеді. Ол жақында Ризабек деп тек қолпаштай бермей, оны тыңғылықты дайындау керектігін айтқан еді.