Ресейден келген Софья Самоделкина Қазақстан атынан шығады
Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушылар штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын құраманы бекітті. Бұл туралы Қазақстанның мәнерлеп сырғанау федерациясы мәлім етті.
Алдағы Азия ойындарында медаль үшін келесі спортшылар бақ сынайды:
Ерлердің жеке сырғанауы: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы спортшы – Рахат Бралин.
Әйелдердің жеке сырғанауы: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы спортшы – Анна Левковец.
Мұздағы би: Гауһар Наурызова / Байсанғұр Датиев.
Айта кетейік, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «SPORT+ Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Софья Самоделкинаның Қазақстан құрамасына ауысуына қатысты пікір білдірген еді.