Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ризабек Айтмұхан әлемдегі мықты балуандар тізіміне қосылды

Редактор
08.01.2025, 18:38

Ол Қазақстан тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанған

ҰОК

Еркін күрестен ел тарихында алғаш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанның есімі әлемдегі үздік балуандар тізіміне енді. Бұл туралы sportarena.kz жазды.

Отандасымыз 2023 жылдың күзінде Сербияда Ризабек Айтмұхан Қазақстан тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанған болатын. Бұл жеңіске палуан олимпиадалық емес 92 кг салмақта сынға түсіп, қол жеткізгені көпшілікке мәлім.

Ал өткен жылдың ақпан айында Айтмұхан 97 кг олимпиадалық салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін күресуге үміттенген еді. Алайда ел чемпионатының финалында ол өзінің басты қарсыласы Әлішер Ерғалиға есе жіберді. Кейін Әлішер Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алғаннан кейін Ризабектің төртжылдықтың басты жарысынан тыс қалатыны анық болды.

2024 жылдың күзінде Ризабек бір ай ішінде 20 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаттарында топ жарды. Айта кететін жайт, сол уақыттары Ризабектің жасы небәрі 19-да ғана еді.

X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі Парсы парақшасында 2024 жылы әлем бойынша мұндай жетістікке әлем бойынша төрт балуан қол жеткізгені айтылды. Олардың арасында  19 және 23 жасқа дейінгі әлем чемпионаттарын қатар жеңген жапониялық Масаносуке Оно, ирандық Амирреза Масуми мен Али Ахмади және отандасымыз Ризабек Айтмұқан болып отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, ақпан айында Ризабек Алматыда өтетін еркін күрес турнирінде Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен күресуі мүмкін екені айтылды.

Жарнама
Жарнама