Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов Лондонға кетті

10.01.2025, 09:20

Ол бірнеше ай бойы тіл үйренбек

Елдос Сметовтің Instagram-парақшасынан

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Англия астанасы Лондонға әйелімен бірге қоныс аударды. Бұл туралы даңқты балуанның өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Еске салайық, бұған дейін Сметов Лондонға тіл үйрену мақсатында кететінін мәлімдеген болатын. Парижден келген бойда ол шетелдегі жарыстарда тіл тұрғысынан қиналып, біршама кедергілерге тап болатынын айтқан. Енді осы кемшіліктің орнын толтырмақшы. Оқу курсы 4 айға созылады.  

Дегенмен, Елдос татамиді тастап кетпейді. Дзюдошы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына баруды да көздеп отыр. Оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев «Бірінші бол» тілшісіне берген сұхбатында да Лондоннан кейін жаттығу жалғасатынын мәлімдеген.

Елдос Сметов – үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысып, үшеуінде де жүлде алған жалғыз қазақстандық. Риода ол күміс медаль алса, Токиода жарысты үшінші орынмен аяқтады. Ал, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында чемпион атанды.

Жарнама
Жарнама