Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дзюдодан әлемдік рейтингте Елдос Сметов үздік бестіктің қатарында

10.01.2025, 01:25

Ол Олимпиада ойындарынан кейін ешқандай жарысқа қатысқан жоқ

olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылдың 16 желтоқсанында әлемдік рейтингтегі спортшылардың жаңартылған тізімін жариялады.

Дзюдодан -60 келі салмақтың көшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Француз балуаны Лука Мхейдзе 6104 ұпаймен бастап тұр. Ал, Елдос Сметов 4446 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.

Әлемдік рейтингтегі (-60) келі салмақтың үздіктері:

  1. Лука Мхейдзе (Франция) — 6104 ұпай
  2. Гиорги Сардалашвили (Грузия) — 5248
  3. Франсиско Гарригос (Испания) — 5170
  4. Ян Юнг Вей (Тайвань) — 4917 ұпай
  5. Елдос Сметов (Қазақстан) — 4446
  6. Рюджу Нагаяма (Жапония) — 3720
  7. Рамазан Абдулаев (Ресей) — 3408
  8. Салих Йылдыз (Түркия) — 3341
  9. Айуб Блиев (Ресей) — 3307
  10. Тайки Накамура (Жапония) — 3200

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов Париж Олипиадасында финалда Лука Мхейдзені жеңіп чемпион атанған болатын. Ол – спорттық мансабында үш олимпиадаға қатысып, үшеуінде де жүлде алған жалғы қазақстандық.

Елдос Париж Олимпиадасынан кейін ешқандай жарысқа қатысқан жоқ. Ол бірнеше ай Англияда тұрып, ағылшын тілін үйренуді жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама