Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ерсін Балтағұл тарихта алғаш рет Жапония императорлық кубогының көшбасшысы атанды

Редактор
21.01.2025, 12:44

Тоғыз тур қорытындысы бойынша ол турнирлік кестеде көш басына шықты

әлеуметтік желі

Токионың «Кокугикане» сумо сарайында элиталық дивизиондағы ұлттық күрестен Күншығыс елінің ең беделді турнирлерінің бірі аяқталуға жақын. Қаңтардағы басёде Кимбодзан Хируки лақап атымен танымал (бойы 190 см, салмағы – 180 кг) қазақстандық үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы «Дяда Ваня» телеграм-парақшасы жазды.

Тоғыз тур қорытындысы бойынша ол турнирлік кестеде көш басына шықты. Ерсін Балтағұл – қаңтардағы басёде бір де бір жеңіліс таппаған жалғыз балуан. Жерлесімізден соң тізімде моңғол Тиёсёма (8-1), сонымен қатар жапондар Охо мен Такэруфудзи (7-2) жайғасқан. Императорлық турнир 26 қаңтарда аяқталады. Элиталық кезең балуандары енді 5 жекпе-жектен өткізуі керек.

Айта кетейік, Кимбодзан Хируки – үздіктер қатарына іліккен қазақстандық жалғыз балуан. Ол Алматы облысында туып, ұзақ уақыт бойы дзюдомен шұғылданған. Жапонияға моңғолиялық танымал спортшы Асасерю Акиноридің (Таңғы Көк Айдаһар) кеңесімен аттанған.

Ерсін өзінің лақап атын ұстазы Кисэнің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың құрметіне алған. Сумода шетелдіктер саны шектеулі. Қазақстандық балуан отставкаға кеткен грузиялық Теймураз Джугелидің орнын басты.

 

Жарнама
Жарнама