Допинг дауымен аты шыққан Алексей Ни жазасын жеңілдетіп алды

Редактор
21.01.2025, 17:18

Оның інісі Виктор Нидің де жазасы жеңілдеді

ҰОК

Өткен жылдың қараша айында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге қатысты шешім қабылданған еді.

Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қазақстандық мамандық өмірінің соңына дейін бапкерлікпен айналысуға тыйым салған болатын. Бірақ бүгін шешім қайта өзгерді.

Енді оған берілген «бан» 4 жылға дейін қысқарды. Алексей Ни мұндай мүмкіндікке қалай қол жеткізгені әзірге белгісіз. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы да мұны растады. Оның інісі Виктор Нидің де жазасы жеңілдеп, 4 жылдан кейін бапкерлік айналысуына болады.

Айта кетейік, Алексей Ни Қазақстан құрамасын жаттықтырған тұста допингтің расталуына байланысты алты бірдей алтын медальден айырылған.

Бейжің-2008: Илья Ильин

Лондон-2012: Илья Ильин, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова

Рио-2016: Нижат Рахимов.