Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ақмарал Науатбек ел чемпионатында комментаторлық қызмет атқарады

Редактор
25.01.2025, 19:19

Оралда жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты басталады

Видеодан кадр

Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы, белгілі парадзюдошы Ақмарал Науатбек Оралда жасөсіпірмдер арасында өтетін ел чемпионаты кезінде тікелей эфирде комментаторлық қызметті өз міндетіне алғанын мәлімдеді. Бұл туралы еліміздің дзюдо федерациясы хабарлады.

"26 қаңтар күні Орал қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты басталады. Чемпионатты менімен бірге ҚР дзюдо федерациясының ютуб арнасында тікелей эфирден тамашаласаңыздар болады. Мен сіздер үшін комментаторлық қызмет атқарамын. Бұл мен үшін жаңа бағыт. Сондықтан мені және спортшыларды қолдаңыздар", - деді Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, Паралимпиадада 48 келіде белдескен Ақмарал Науатбек барлық кездесуінде жеңіске жетіп, Франция астанасынан олжалы оралған болатын. Белгілі спортшы елге келгеннен кейін Үкімет басшысы қабылдап, тиісті марапаттарды табыстады.

Жарнама
Жарнама