Кениялық легионерлер де жанкүйерлерді қуанта алмады
Астанада World Athletics Indoor Tour Gold сериясының кезеңі аяқталды. Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасынан бірнеше спортшы қатысса да, бірде-біреуіне алтын жүлде бұйырған жоқ.
World Athletics Indoor Tour Gold – бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жеңіл атлетика бойынша жоғары деңгейдегі қысқы жарыстар сериясы. Аталмыш дода жыл сайын әлемнің ең үздік спортшыларын жинайды. Ол жазғы маусымда өтетін «Гауһар лигаға» ұқсас.
Елордадағы турнир Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes атауымен өтті. Қазақстан бар-жоғы екі қола медальмен шектелді. Атап айтсақ, Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов биіктікке секіруден үшінші орын алды. Ал қалған жүлденің бәрі шетелдіктердің еншісінде кетті.
Жарыс жеңімпаздары:
60 метр (ерлер):
60 метр (әйелдер):
60 метрге кедергілермен жүгіру (ерлер):
60 метрге кедергілермен жүгіру (әйелдер):
400 метр (ерлер):
400 метр (әйелдер):
Биіктікке секіру (ерлер):
Биіктікке секіру (әйелдер):
1500 метр (ерлер):
3000 метр (әйелдер):
Ұзындыққа секіру (ерлер):
Үш қарғып секіру (әйелдер):
Ядро серпу (әйелдер)
Үш қарғып секіруде еліміздің намысын қорғаған Валерия Сафонова қатысушылар арасында ең төмен нәтиже көрсетті – 12.79 см.
Сондай-ақ, ұзындыққа секіруден қазақстандық Сергей Степанковский 6.82 см нәтижемен ең соңғы орында жарысты аяқтады.
1500 метрге жүгіруден қазақстандық Максим Фроловский 3:47.69 секундта мәре сызығын 9-шы болып, Игорь Крунин 3:59.33 уақыт көрсеткішпен ең соңғы болып жарысты аяқтады.
Әйелдер арасында биіктікке секіруден төртінші орын алған Надежда Дубовицкая аздаған жарақаты аздап сыр бергенін айтты.
«Бұл турнирге толық дайын болмадым. Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысым. Жарақатыма байланысты біраз уақыт емделдім. Жарақат кедергі келтіріп, толық өзімді көрсете алмадым. Осымен қысқы маусым аяқталды. Алдағы уақытта дайындалып сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін әр түрлі жарыстарға қатысып, елімді қуантамын деген ойдамын», - деді атлет.
3000 метрге жүгірген кениялық легионерлеріміз де жанкүйерлерді қуанта алмады. Дейзи Джепкемей мәре сызығын 4-ші болып кессе, Нора Жеруто 5-орынмен аяқтады.
Кедергілер арқылы 60 метрге жүгіруде (ерлер) қазақстандық Давид Ефремов финалда өнер көрсетіп, 7:69 нәтижемен мәре сызығын 4-ші болып кесті.
400 метрге жүгірген әйелдер сайысында қазақстандық Аделина Земз 56.17 нәтижемен межеге ең соңғы болып келді.