Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл Хацу бащёны 3 орынмен аяқтады

26.01.2025, 14:36

Ол финалдық кездесудің бәрінде жеңілді

Фото ашық дереккөзден

Токиода өтіп жатқан сумодан 2025 жылғы алғашқы турнир – Хацу бащёның ең жоғарғы алаңы Макучи дивизионында бақ сынаған қазақстандық Ерсін Балтағұл үздік үштіктен көрінді. Ол Жапонияда Кинбозан Харуки атымен де танымал.

Ерсін 15 күннің нәтижесінде 13 рет жығып, 2 рет қана жығылды. Финалда ол 25 жастағы жапон балуаны Охо Коносукеден жеңілді. Моңғолиялық Хошорю Бямбасүрэн, жапон Охо Коносуке және Кинбозан Ерсін үшеуінің жеңістер саны бірдей болғандықтан, үшеуі өзара чемпиондыққа таласты. Ерсін екеуіне де есе жіберіп, 3-орынды қанақат тұтты. 

Моңғол балуаны Хошорю чемпион атанып, сумоның ең жоғарғы атағы Ёкозуна дәрежесіне қол жеткізді. Хошорю – Ёкозуна атанған тарихтағы 74-ші, Моңғолиядағы 6-шы сумошы.

Ерсін 2024 жылы Макучи дивизионына көтерілген болатын. Алайда, жарақаты салдарынан жыл бойы дұрыс күресе алмай, рейтингтегі орны төмендеп, сумоның екінші алаңы Жюро дивизионына түсіп қалған болатын. Желтоқсан айында Жюрода Кюшю чемпионы атанған. Сосын бірден Макучи дивизионына қайта көтерілген еді. Енді ол Макучиде 3-орынмен аяқтап отыр. 

Былтыр Ерсін осы Хацу бащёны 4-орынмен аяқтаған еді. Былтырғы нәтижесі – 11 жеңіс, 4 жеңіліс.

Ерсінге Хацу бащёда үздік үштіктен көрінгені үшін жоғарғы атақтар мен мол сыйлықтарға ие болады. Рейтингі де жоғарлайды. Қандай дәреже берілетіні әзірге белгісіз. Оны алдағы уақытта Жапония сумо федерациясының баспасөз жиынында хабарлайды.