Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Эльмира Сыздықова араға 8 күн салып тағы бір турнирде топ жарды

26.01.2025, 14:43

Бір апта бұрын ол Франциядан чемпион атанып келген

UWW

Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен өтіп жатқан дәстүрлі Иван Ярыгин турнирінде қазақстандық балуандар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға ие болды. Әйелдер күресінен 76 келіде бақ сынаған Эльмира Сыздықова чемпион атанып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Эльмира осылайша 8 күн ішінде екі турнирге қатысып, екеуінде де чемпион атанып отыр. Бір апта бұрын ол Францияда өткен Анри Деглан Гран Гри жарысында алтын медаль олжалаған болатын.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен 62 келіде күрескен қазақстандық екі балуан жүлделі орыннан көрінді. Виктория Хусайнова күміс алса, Дубек Тыныс қола медаль иеленді.

Айта кетейік, Иван Ярыгин турнирі 2022 жылға дейін жыл сайын Біріккен күрес әлемінің (UWW) күнтізбесінде Гран При статусымен, кіші әлем чемпионаты деп аталатын. Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге санкция салынғаннан бастап ол элиталық статустан айырылып, халықаралық турнир бойынша өтіп келеді.

Жарнама
Жарнама