«Орыстың бәрін жеңесің»: белгілі бапкер Ирина Винер Әлия Юсуповамен кетіскенін еске алды

Редактор
28.01.2025, 09:22

Ол Юсупованы Афины Олимпиадасына дайындаған болатын

olympic.kz

Көркем гимнастикадан әлемге белшілі бапкер Ирина Винер ресейлік журналист Надежда Стрелецке берген сұхбатында қол астында жаттықтан шәкірттері туралы айтты. Бірнеше Олимпиада чемпионынын тәрбиелеген маман екімыңыншы жылдар басында қазақ гимнастшысы Әлия Юсупованы қалай жаттықтырғанын әңгімелеп берді. 

«Менің қарауымда көптеген шетелдік спортшылар болды. Олардың ішінде Мексиканың ертегіге бергісіз қыздары жаттықты. Қазақстаннан  Әлия Юсупова болды. Олимпиадада 4-ші орын алды. Кейін мен оның барлығын артқа тастап, жеңіске жететінін түсіндім. "Сүйіктім! Мен сенімен бұдан былай жұмыс істей алмаймын. Өз бапкеріңмен жаттыға аласың. Сосын орыстың барлығын жеңесің" деп айтым. Мен сол жолы шынымды айттым. Онымен әлі күнге дейін жылы қарым-қатынастамыз», - деді белгілі бапкер.

Ирина Виннер тоқсаныншы жылдар басынан бері Ресейдің көркем гимнастика құрамасын баптады. Бас бапкер болған ол 2008-2024 жылдары федерацияға басшылық етті. Виннердің шәкірттері 2000, 2004, 2008, 2012, 2016 жылдары Олимпиадада топ жарса, 1996, 2020 жылы өткен төртжылдықтың басты ойындарында күміс алды.

Ол баптаған Әлия Юсупова еліміздің көркем гимнастика федерациясының президенті болып, жуырда ғана қызметінен кетті. Афины Олимпиадасында отандасымыз жекелей сында 4-ші орынға тұрақтаған болатын.