Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастады

30.01.2025, 09:28

Ол – каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы

olympic.kz

Жуырда Парижде өткен халықаралық рейтингтік Каратэ1 Премьер Лигасында қола медаль еншілеген Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта әлемдік рейтингте 5490 ұпаймен көш бастады.

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтинг кестесін жариялады. Тізімде қазақ қызы бірінші тұр. Екінші орынға 2023 жылғы әлем чемпионатының қола, Панамерика және Оңтүстік Америка ойындарының чемпионы, венесуэлалық Иоргелис Салазар (5355) тұрақтаған. Ал үздік үштікті әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері хорватиялық Эма Сгарделли (3312) түйіндеп тұр.

Әлемдік рейтингтегі (-50) келідегі ТОП-5 каратэшілер:

  1. Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) – 5490 ұпай
  2. Иоргелис Салазар (Венесуела) – 5350
  3. Эма Сгарделли (Хорватия) – 3312
  4. Наталия Варгова (Словакия) – 2732
  5. Реем Ахмед Салама (Египет) – 2475

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай – каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы (2023 жыл). Ол сондай-ақ, 2021 жылғы Азия чемпионатының – алтын, 2023 жылғы күміс жүлдегері. Ханджоудағы Азия ойындарында екінші орын алды. Сондай-ақ, 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан.

Жарнама
Жарнама