Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Абдулрашид Садулаев Еуропа чемпионатына қатысу үшін спарринг кездесу өткізеді

Редактор
30.01.2025, 11:47

Магомед Курбановпен бозкілемде өзара мықтыны анықтайды

IMAGO / Kadir Caliskan / ТАСС

Еркін күрестен белгілі балуаны Абдулрашид Садулаев Еуропа чемпионатына қатысу үшін спарринг белдесу өткізетін болды. Бұл туралы Ресейдің еркін күрес құрамасының бас бапкері Қажымұрат Гацалов мәлімдеді.

Енді Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Садулаев жақында ғана И.Ярыгин кубогында 97 келіде топ жарған Магомед Курбановпен бозкілемде өзара мықтыны анықтайды.

Айта кететін жайт, Садулаев былтыр қазан айының соңында Тиранада олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында 92 келіде белдесіп, өзінің спорттық мансабында алтыншы рет дүниежүзінің чемпионы атанған еді. Ол Рио және Токио Олимпиадасында топ жарумен қатар, екі рет Еуропа Ойындарында, 4 мәрте Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған.

2024 жылы Садулаев Румынияда өткен Еуропа чемпионатына қатыстырылмады. Оған спортшының кеденнен өту кезінде визаға қатысты туындаған мәселе себеп болған. Сондай-ақ, балуан былтыр сәуір айынының басында Бакуде өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінен ХОК шешімі бойынша шеттетіліп, соңынан Париж Олимпиадасына қатысу құқығынан біржола айырылған еді.

Жарнама
Жарнама