Парижде жылдың ең үздік дзюдошылары анықталды: Елдос Сметов тізімде жоқ

02.02.2025, 20:46

Есесіне, өзбек дзюдошы қызы Диора Келдиерова арнайы сыйлықпен марапатталды

olympics.com

Франция астанасы Парижде Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы маусымды қорытындылап, «IJF Judo Awards 2024» номинациясымен жылдың үздіктерін марапаттады.

«IJF Judo Awards 2024» жүлдесіне 8 аталым бойынша 63 кандидат ұсынылды. Үздіктерді анықтау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - онлайн дауыс беру арқылы болса, екінші кезең - IJF Judo Awards комитетінің таңдауымен болды.

IJF Judo Awards номинациясы иегерлері: 

  • Хидаят Гейдаров (Әзербайжан) — үздік дзюдошы. 2024 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы. Әлем және Еуропа чемпионы.
  • Криста Дегучи (Канада) — әйелдер арасында үздік дзюдошы. Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
  • Өзбекстандық Диёра Келдиёрованың Париждегі Олимпиада ойындарында Абэ Утаны жеңуі «ЖЫЛ СӘТІ» деп танылды.
  • 2024 жылдың үздік жаттықтырушысы – Баптист Леруа, дзюдодан Франция құрамасының бас бапкері. Марко Шпитка да Диера Келдиерованы дайындағаны үшін бұл марапатқа ие болды. Одан бөлек, әзербайжандық Ричард Траутманн ерлер арасында 2024 жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.
  • Үздік жас дзюдошы – француздық Джоан Бенджамин Габа. 
  • Олимпиада кезінде командалық сайыста Хифуми Абэні жеңгені және жекелей сында күміс алғаны үшін марапатталды.
  • Африкалық дзюдо қауымдастығы Оңтүстік Африкада дзюдо залдарын ашқаны үшін «Бейбітшілік үшін дзюдо» сыйлығын алды.
  • «Балаларға арналған дзюдо» номинациясын Францияның дзюдо федерациясы Францияның қолайсыз аймақтарында 300 клуб ашу жобасымен алды.
  • Тедди Ринердің Олимпиада финалындағы жеңіске жеткен сәті «жыл иппоны» деп танылды.