Париждегі Гранд Слэмде Франция мен Жапония дзюдошылары жүлделерді өзара бөлісті

Редактор
Бүгін, 09:32

Медаль саны бойынша қос мемлекет көш басында 

eju.net

Франция астана Париж қаласында дзюдодан 2025 жылдың алғашқы әлемдік Grand Slam турнирі аяқталды.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында 2024-2028 Олимпиада кезеңіне жаңа ережелер енген болатын. Дзюдошылар жаңа маусымдағы алғашқы Grand Slam турнирінде жаңа ережелер бойынша күресті. 

Париж төріне 50 елден 298 (164 ер, 134 әйел) дзюдошы бақ сынады. Қатысушылар арасында Олимпиада және әлем чемпиондары мен жүлдегерлер де бар. Бірақ, бұл әлемдік додаға қазақстандық дзюдошылар қатыспады. 

Жаңа маусымда кейбір танымал дзюдошылар жаңа салмақта өнер көрсетті. Айта кететін болсақ, 57 келіде қос Олимпиада чемпионы 63 келіге күресті. Олар – Токио Олимпиадасының чемпионы Нора Гжакова (Косово), Рио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Рафеала Силва (Бразилия). Косоволық дзюдошы үшін жаңа салмақтағы бірінші жарыс сәтті болып, қола жүлдеге ие болса, бразилиялық үшін жарыс сәтсіз аяқтады.

Турнирде жалпы 10 елден келген (Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, БАӘ, Әзербайжан, Испания, Өзбекстан, Португалия, Канада, AIN бейтарап спортшы) дзюдошылар алтыннан алқа тақты. 

Медальдар жиынтығы бойынша жарыс қожайыны Франция көш бастады. Француздар 3 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды. 

Жапония құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальға ие болып, екінші орынмен жарысты аяқтады. Оңтүстік Корея дзюдошылары 1 алтын, 2 күміспен үздік үштікті түйіндеді.

Париж татамиінде мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің  жеңімпазы атанған дзюдошылар бар. Олар:

  • Кондо Мицуки – 48 келі (Жапония) 
  • Фаваз Марта – 57 келі (Франция) 
  • Валеди Пикар – 60 келі (Франция) 
  • Руслан Пашаев – 66 келі (Әзербайжан)
  • Франсуа Готье-Драпу – 81 келі (Канада) 
  • Ким Жонхун 90 келі – (Оңтүстік Корея) 
  • Жафар Костоев – -100 келі (БАӘ)

Материалда: