Бұл алтын медальдің бәрін ол әр түрлі қашықтықта иемденген
Жапондық Такаги Михо АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен конькимен жүгіруден әлем кубогында әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды. Ол аталған қашықтықты 1:13,56 секундта кесіп өтіп, әлем кубогіндегі 35-ші жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ, ол аталған жарыста 1500 метрге жүгіруде күміс медаль жеңіп алды. Михо осы қашықтықта әлемдік рекордтың иесі.
Такаги Михо 2016 жылдың желтоқсанында әлем кубогын алғаш рет жеңіп алған. Ол бүгінгі күнге дейін 1500 метрде – 23 рет, 1000 метрде – 11, 500 – 1 және 3000 метрде бір рет жеңімпаз атанды.
Такаги – Азиядағы ең үздік конькимен жүгірушілердің бірі. Жекелей сында 1500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының чемпионы. Олимпиада ойындарында командалық эстафетада да алтын алған. Сондай-ақ, жекелей сайыста Олимпиаданың 3 дүркін күміс жүлдегері және 1 рет қоласын олжалаған. Одан бөлек командалық эстафета сайысында Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Жапон конькишісінің командалық және жекелей сында әлем чемпионатының 14 медалі бар. Оның бесеуі алтын, үшеуі күміс, алтауы қола медаль. Сонымен қатар, Саппорада (Жапония) өткен Азия ойындарының 3 алтын медаль жеңіп алды.