Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиадада медальді сатып алды деп айыпталған таеквондошы басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
04.02.2025, 23:18

Ол бұған дейін де басшылық қызметтер атқарып келген

Атырау облыстық әкімдігі

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Олимпиадалық резервін дайындау орталығына» таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов тағайындалды.

Арман Шылманов – таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионатының екі дүркін, Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері және Азия чемпионатының жүлдегері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спортшы.

Ол осыған дейін таеквондодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы, Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары, Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін кубалық таеквондошы Анхель Матос Валодиа Фуэнтес Арман Шылмановты Бейжіңде жүлдені сатып алды деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, қола жүлде үшін жұбаныш жекпе-жегінің алдында таеквондодан ҚР құрамасының өкілдері төрешіні сатып алуға тырысқан.

Жарнама
Жарнама