Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Алтай қазағы Баян Жалынқызы Азиада алтынын жеңіп алды

09.02.2025, 15:01

Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай округінің Жеменей ауданында дүниеге келген

Шыңжаң газеті

Қытай құрамасының атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Баян Жалынқызы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан (5 км, еркін стиль) бірінші орын алды. 

Баян Жалынқызы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай округінің Жеменей ауданында дүниеге келген. Бұл өңір қыстық спорт түрлерімен және этникалық қазақтардың көп шоғырлануымен танымал.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Самғар Серік Азиа ойындарында шаңғы спортының спринт бағдарламасында қола жүлдегер атанды. Ол мәре сызығын төртінші болып кескенімен, екінші келген жапон шаңғышысы жарыстан шеттетілді.

Жарнама
Жарнама