Алматыда өтетін кәсіпқой күрес лигасы (PWL 8) турниріне қатысатын балуандар белгілі болды. Тізімде барлығы 20 балуан бар, оның үшеуі – қазақстандық, он жетісі – шетелдік.
Қатысушылар арасында Олимпиада, әлем чемпиондары және жүлдегерлері бар.
Турнир барысында 11 кездесу болады. Күрес ережесі бойынша әр жұп 6 минуттан белдеседі.
Айта кетейік, Кайл Снайдер мен Айк Мнацаканян екі белдесуден өткізеді. Ал, қалған балуандар бір реттен күреседі.
Еркін күрес
- Кайл Снайдер (АҚШ, Олимпиада және әлем чемпионы) — Ризабек Айтмұқан (Қазақстан, әлем чемпионы)/Алихан Жабрайлов (Ресей, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы);
- Азамат Дәулетбеков (Қазақстан, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы) — Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері);
- Ахмед Усманов (Ресей, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы) — Авбентил Кенчадзе (Грузия, әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері).
Грек рим күресі
- Луис Орта Санчес (Куба, Олимпиада және әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері) — Славик Галстян (Армения, әлем және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері);
- Артур Саргсян (Ресей, әлем чемпионатының қола жүлдегері, PWL турнирінің 3 дүркін жеңімпазы) — Габрэль Росильо (Куба, әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері);
- Ақжол Махмұдов (Қырғызстан, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері) — Ибрагим Ганем (Франция, әлем чемпионатының алтын және күміс жүлдегері);
- Айк Мнацаканян (Болгария, әлем екі дүркін қола чемпионатының жүлдегері) — Сергей Кутузов (Ресей, әлем чемпионатының күміс жүлдегері)/Сергей Степанов (Ресей чемпионы);
- Кирил Маскевич (Беларусь, әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері) — Аик Хлоян (Армения, U23 санатта әлем чемпионы).
Әйелдер күресі
- Жәмила Бақбергенова (Қазақстан, үш дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері) — Айпері Медетқызы (Қырғызстан, әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін Азия чемпионы).
Турнир ақпан айының 25-күні Алматыдағы Балуан Шолақ аренасында өтеді.