Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстанның бұрынғы спорт министрі аштық жариялады

Редактор
10.02.2025, 21:02

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдар аралығында Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі болған

Голос Нрода

Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде жатып аштық жариялады. Мұндай мәлімдеме экс-шенеуніктің Facebook-парақшасында жарияланған.

Есте болса, А.Мұхамедиұлы 2023 жылы «мемлекеттің қаражатын жымқырды» деген айыппен 8 жылға сотталса, 2024 жылы «аса ірі көлемде пара бермек болды» деп айыпталып, жалпы 11 жылға түрмеге жабылды.

«Мен аштық жарияладым. Әуел бастан-ақ өзімді кінәлі санамағанмын», - деп жазылған Мұхамедиұлының Facebook-парақшасында.

Экс-министр түрмеде жатса да оның әлеуметтік желідегі парақшалары белсенді жұмыс істеп тұр. Желіге оның атынан басқа адам жаза ма, әлде өзі түрмеден интернетке қолжетімділігі бар ма – ол жағы белгісіз.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдар аралығында Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі болған.

Жарнама
Жарнама