Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қытай құрамындағы қазақ конькишісі Азия ойындарының жүлдегері атанды

Редактор
10.02.2025, 15:47

Қытай құрамында барлығы 4 қазақ Азиадаға қатысып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Харбинде өтіп жатқан қысқы Азияда ойындарында Қытай құрамасының атынан шыққан тағы бір қазақ Қанағат Мұхаммедұлы 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізді. 

Қанағат 5000 метр қашықтықты 6:31.54 секундта жүгіріп өтті. Осы қашықтықта Қытайдың өзге конькишілері алтын мен күмісті олжалады. Атап айтқанда, Ву Ию 6:27.81 нәтижесімен алтын алса, Лию Ханбин бес шақырымды 6:29.93 уақытымен жүгіріп өтіп, күміс медальді қанағат тұтты.

Қанағат Мұхаммедұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай ауылында 1999 жылы дүниеге келген. Бұл өңір қысқы спорт түрлерімен танымал және қазақтар көп шоғырлан.

Бұған дейін Қытай сапынан Азиядаға қатысқан 2 қазақ спортшысы жүлде алған. Атап айтқанда, шаңғы жарысында Баян Жалынқызы чемпион атанса, Самғар Серікұлы қола медальға ие болған еді.

Жарнама
Жарнама