Қазақстан өзінің тарихында ең төменгі көрсеткішке ие болды
Керлингтен Қазақстанның қыздар құрамасы Харбиндегі (Қытай) қысқы Азия ойындарын төртінші орынмен аяқтады.
Қола жүлде үшін болған тартыста отандастарымыз Жапония құрамасымен мұзға тшыққан болатын. Алайда, 6:3 есебімен таза жеңілді. Осылайша, медаль алу мүмкіндігінен де айрылды.
Керлингтің финалында Қытай мен Оңтүстік Корея құрамалары өзара сайысқа түседі. Ал, Жапония қола жүлдегер атанып отыр.
Еске салайық, Қазақстан қыздары бұған дейін топтық кезеңде Жапониямен кездесіп, ол кезде де 10:4 есебімен ойсырай жеңілген болатын.
Азия ойындарында Қазақстан небәрі үш алтын медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді. Бүгін Азия ойындарының соңғы жарыс күні. Дәл қазір хоккейден ерлер құрамасы финалда Жапониямен ойнап, 3:0 есебімен жеңуде. Дегенмен, төртінші алтын медаль да турнирлік кестедегі көрсеткішті өзгерте алмайды.