Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан үшін тарихтағы ең сәтсіз Азиада аяқталды

Редактор
14.02.2025, 15:38

Ең сәтті Азиада 2011 жылы болған

olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындары аяқталды. Бұл жолы Қазақстан өз тарихындағы ең сәтсіз кезеңдерінің біріне тап болды.

Өйткені бұрынғы ең төмен көрсеткішіміз 2017 жылы тіркелген. Ол кезде Жапонияның Сапонора қаласындағы ойындарда  6 алтынға қол жеткізгенбіз. Бұл жолы ұлттық құрама небәрі 4 алтынмен шектелді. 

Қазақстан 1996 жылдан бері қысқы Азия ойындарына қатысып келеді. Екі мәрте бейресми жалпы командалық есепте топ жарғанбыз. Атап айтсақ, 1996 жылы дәл осы Харбинде және 2011 жылы Алматы мен Астанада өткен Азия ойындарында Қазақстан үздік болған. Соңғысында тіпті 32 алтын жеңіп алғанбыз.

  • 1996 жыл: 17 алтын, 9 күміс 8 – 1-орын.
  • 1999 жыл: 10 алтын, 8 күміс, 7 қола  – 3-орын
  • 2003 жыл: 7  алтын, 7 күміс, 6 қола – 4-орын
  • 2007 жыл: 6 алтын   6 күміс, 6 қола – 4-орын
  • 2011 жыл: 32 алтын, 21 күміс, 17 қола – 1-орын
  • 2017 жыл:  9 алтын, 11 күміс, 12 қола – 4-орын
  • 2025 жыл: 4 алтын , 9 күміс,  7 қола – 4-орын.

Ал, бұл жолғы көрсеткішті еліміздің спорт шенеуніктері сәтсіздік деп санай ма, әлде үздік нәтиже деп есептей ме, оны жуырда Туризм және спорт министрлігі өткізетін қорытынды жиыннан кейін білетін боламыз.

Жарнама
Жарнама