Оларды жергілікті бапкер Ташкент Ағзам жаттықтырады
Моңғолия астанасында күрес түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа қатысқан жергілікті қазақ балуандары топ жарып, тағы біразы жүлделі орындардан көрінді.
Атап айтқанда, Жәнібек Әлқиса (38 кг), Айбек Баатарцол (40 кг) және Бауыржан Марғұлан (55 кг) чемпион атанса, Ақерке Шәкерхан (38 кг) мен Дәулет Табиғат (81 кг) күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ -100 келі салмақта белдескен Мурат Серікбол алтын үшін тартыста моңғолдың Бат Эрдэнэ есімді балуанынан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Ал, Серікбол Аслан, Еркін Бейсен, Сьез Бегжан, Саябек Нұрбол және Інжіл Ақмерей үшінші орыннан көрінді.