Ресей спортшылары былтырдан бері халықаралық жарыстардан да шеттетілген
Халықаралық Олимпиада комитеті Ресейді өз құрамынан уақытша шеттететінін мәлімдеді. Оған Украинаның Донецк, Херсон, Луганск және Запорожье аймақтарын Ресей өз құрамына қосу туралы қабылдаған біржақты шешімі себеп болып отыр.
Басқыншы ретінде Ресейдің бұл қадамы Украинаның ҰОК аумақтық тұтастығын бұзу болып саналады. Осыны ескерген ХОК-тың атқарушы кеңесі (EB) бүгін осындай шешім қабылдады.
Ендігі жерде Ресей Олимпиада комитеті Олимпиада жарғысында анықталғандай Ұлттық Олимпиада комитеті ретінде әрекет етуге құқылы емес. Сондай-ақ, Олимпиада қозғалысынан ешқандай қаржы ала алмайды.
Биылғы 28 наурыздағы ХОК Ресей спортшыларын 2024 жылғы Париж Олимпиадасына және 2026 жылы өтетін Милан Кортина қысқы Олимпиадасына тиісті уақытта қатысуы туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырған.
Ресей өткен жылдың ақпан айында Украина жеріне басып кіргеннен кейін елдің ұлттық құрамаларын барлық спорт бойынша халықаралық жарыстарға қатысуға халықаралық қауымдастықтары тарапынан шектеу қойылды. Алайда биыл күрес түрлері және бокстан өткен әлем чемпионатында ресейлік спортшылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.