Ең сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова тағы бес бала босануды қалайтынын айтты

Редактор
20.02.2025, 19:18

Оның қазір бір ұлы бар

instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова болашақта көпбалалы ана болуды қалайтынын айтты.

28 жастағы спортшы 2020 жылы күйеуге шығып, бір бала босанып алған еді. Ол алдағы уақытта тағы бес сәби дүниеге әкелуге қарсы емес екенін мәлімдеп отыр.

«Балалар – сөзсіз, бақытымыз. Тағы да бесеуін босанып, олардың анасы емес, әпкесі секілді жап-жас болып жүруге дайынмын», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сабина қазір индонезиялық Yogya Falcons клубының намысын қорғап жүр. Оның командаластары да қазақ волейболшысының баласы барына сенбеген екен.

«Командадағы қыздар менің баламды інім деп ойлаған екен, мұндайды естігенде көңілім көтеріліп қалды», - дейді Алтынбекова.

Бұған дейін қазақстандық волейболшы БАӘ-нің «Әл-Васл», Жапонияның «GSS Sunbeams» және Италияның «Волалто Казерту» клубтарында ойнады. Сондай-ақ, Қазақстанда жүргенде «Алматы» клубының намысын қорғаған.

Тайбэйде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Сабина Алтынбекова жарыстың ең сұлу волейболшысы атанған. Ол кезде қазақ спортшысының жасы небәрі 17-де еді.