Орыс және беларусь спортшылары билік жүргізген саясат салдарынан әр елдің атынан өнер көрсетіп жүр
Украинаға басқыншылық соғысын ашқаннан кейін Ресей мен Беларусь спортшыларының бәріне әлемдік спорт ұйымдары санкция салған болатын. Енді қос елдің балуандары халықаралық жарыстарда Біріккен күрес әлемінің (UWW) астында күреседі. Бұл туралы аталған ұйымның ресми сайтында жазылған.
«5 ақпанда жиналған UWW бюросы бұрын жеке спортшылар ретінде бейтарап тумен қатысып келген балуандарға UWW туы астында күресуге мүмкіндік берді. Оның ішінде Ресей мен Беларусь балуандары да бар.
Дегенмен, Ресей мен Беларусьтің туына, рәміздеріне немесе елтаңбасына тыйым салатын салтанатты шараларда ол спортшылар UWW әнұранымен өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, бұл екі елдің бірде-бір чемпионатында командалық рейтинг қарастырылмайды», - делінген аталған хабарламада.
Ресейдің Украинаға агрессиясынан кейін Беларусь және ресейлік балуандар бейтарап тудың (AIN) астында өнер көрсетіп келген.