Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде ресейлік шахматшыдан жеңілді

22.02.2025, 01:13

Ол турнирлік кестеде тоғызыншы орынға дейін төмен сырғыды

Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстанның ең жас гроссмейстерлерінің бірі Бибісара Асаубаева Монакода өтіп жатқан Fide Гран-при сайысының үшінші айналымында ресейлік Александра Горячкинаға қарсы ойнады.

Бес жарым сағатқа созылған тартысты ойынның нәтижесінде Бибісара Асаубаева ресейлікке есе жіберді. Отандасымыз бұған дейін екі ойын өткізіп, екеуін де тең есеппен аяқтаған болатын.

Осылайша үш турдың қортындысы бойынша Бибісара Асаубаева 1 ұпай жинап, қазіргі уақытта 9-орынға жайғасты.

Үшінші тур бойынша орындар мен ұпайлар саны:

1-4 орындар:

  • Катерина Лагно (Ресей) — 2 ұпай
  • Хампи Конеру (Үндістан) — 2 ұпай
  • Сарасадат Хадемальшарьех (Испания) — 2 ұпай
  • Батхуяг Мөнгөнтуул (Моңғолия) — 2 ұпай

5-7 орындар:

  • Александра Костенюк (Швейцария) — 1,5 ұпай
  • Элизабет Петц (Германия) — 1,5 ұпай
  • Александра Горячкина (Ресей) — 1,5 ұпай

8-9 орындар:

  • Чжунъи Тань (Қытай) — 1 ұпай
  • Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 1 ұпай

10 орын:

  • Харика Дронавалли (Үндістан) — 0,5 ұпай

Енді Бибісара Асаубаева төртінші турда үндістандық Харико Дронаваллиға қарсы ойнайды.