Ризабектен бөлек бұл күні Азамат Дәулетбеков және Жәмила Бақбергенова да күреседі
25 ақпанда Алматыда әлемнің ең әйгілі балуандары жиналып, PWL турнирінде бақ сынайтыны белгілі. Күрес кешінің басты оқиғаларының бірі – Ризабек Айтмұқан мен америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снейдер арасындағы белдесу болмақ.
Осы турнир алдында еркні күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан журналистермен кездесіп, турнирге дайындығы туралы баяндады. Былтыр әлем чемпионатынан кейін ол салмағын 92-ден 97 келіге көтерген.
«Жанкүйерлер Снайдермен болатын белдесуді асыға күтіп отыр. Осы турнирге Олимпиадалық даярлау орталығында ұлттық құрамамен дайындалдым. Ертеңгі белдесуге толығымен дайынмын. 6 минут күресуге де дайынмын.
97 келіге бейімделу сәтті өтті. Бірақ, алғашында физикалық тұрғыда қиын болды. Азия чемпионаты өткен соң U20 және U23 жас санатында әлем біріншілігінде жақсы күрестім. Қазір жаңа салмақта өзімді жақсы сезінемін», - деді Ризабек баспасөз мәжілісінде.
Айта кетейік, PWL турниріне 24 балуан қатысады. Қатысушылар арасында Олимпиаданың төрт чемпионы, әлем чемпиондары және жүлдегерлері бар.
Қазақстан атынан 3 балуан күреседі. Олар:
Турнирдің басты белдесуі Снайдер мен Ризабек арасында болмақ.
Айта кетейік, Кайл Снайдер мен Айк Мнацаканян екі белдесуден өткізеді. Ал, қалған балуандар бір реттен күреседі.
Жарыстың басталуы 19:00-де.