Биыл «Самұрық-Қазынада» алғаш рет қысқы спартакиада өткізді
Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниясының қызметкерлері арасында өткен спартакиада қымбатқа түскенін жазды.
«Маған Telegram чатқа демалыс күні Астанада «Самұрық-Қазына» компаниясы қызметкерлері арасында қысқы спартакиада өткенін жазды. Мысалы, хоккей жарысын «Барыс Арена» кешені қабылдаған. Үлкен деңгейдегі сайыс. Дереккөздің мәліметінше, осыған 80-100 миллион теңге кеткен. Бұл ақша нақты ма, жоқ па, нақтылау ойымда жоқ. Өйткені «Самұрық-Қазына» компаниясының мемлекеттік сатып алу бойынша деректері өте күрделі. Онда нақты лот пен нақты көрсеткішті табу қиын. Қалай десек те, салық төлеушілердің ақшасы ұлттық компаниялардың қызметкерлерінің көңілін көтеруге жұмсалғаны сөзсіз», - дейді журналист.
Биыл «Самұрық-Қазынада» алғаш рет қысқы спартакиада өткізді. Спорттық шараға қорға қарасты компаниялардан 400-ден астам адам қатысты. Қатысушылар екі күн бойы хоккейден бақ сынасты, ал ерлер мен әйелдер арасында шаңғы жарысы өтті.