Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Аңыз кетті»: Олимпиаданың үш дүркін чемпионы даңқты Бувайсар Сайтиев қайтыс болды

02.03.2025, 23:26

Ол өзі қатысқан жарыстың бәрінде тек алтын медаль жеңіп отырған

ТАСС

Еркін күрестің аңызы Бувайсар Сайтиев 49 жасында өмірден озды. Бұл ақпаратты Ресейдің спорттық күрес федерациясы растады. Марқұм ұзақ уақыт сырқаттанған.

Бувайсар Сайтиев Дағыстанда дүниеге келген. 6 жасынан күрес әліппесімен танысқан. Талантты балуан 1992 жылы Красноряск қаласына қоныс аударып, даңқты бапкер Дмитрий Миндиашвилидің қарамағына келіп жазылады. Содан бастап күреспен кәсіби түрде айналысқан.

Бувайсар 1995 жылы алғаш рет жастардың әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, содан кейін талантты жігіттің тасы өрге домалап, әлемдегі барлық атаққа қол жеткізеді.

Еркін күрестің майталманы Сайтиев алтыннан басқа медаль мойнына ілмеген. 74 келіде 1982 жылдан 2008 жылға дейін күресіп, жарыстың бәрінде негізінен чемпион болып келген. 26 жыл ішінде Олимпиаданың – 3, әлемнің – 6, Еуропаның – 6 дүркін чемпионы атанған.

Олимпиадағы жетістіктері:

  • Атланта-1996 🥇
  • Афина-2004 🥇
  • Бейжің-2008🥇

Әлем чемпионаты:

  • Атланта-1995🥇
  • Красноярск-1997🥇
  • Тегеран-1998🥇
  • София-2001🥇
  • Нью-Йорк-2003🥇
  • Будапешт-2005🥇

Еуропа чемпионаты:

  • Будапешт-1996🥇
  • Варшава -1997🥇
  • Братислава -1998🥇
  • Будапешт-2000🥇
  • Будапешт-2000🥇
  • Мәскеу-2001🥇
Жарнама
Жарнама