Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Албаниядағы турнирге барған қазақстандық 23 классик балуанның жиырмасы жеңіліп қалды

03.03.2025, 09:34

Тиранаға күрестің барлық түрінен 47 балуан барып, небәрі 1 алтын медаль олжалаған

UWW

Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирде қазақстандық грек-рим шеберлері 3 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Бағдат Сабаз (67 келі), Ерасыл Мамырбеков (55 келі), Ерсін Абыр (55 келі) елге жүлдемен оралды.

Жалпы Тиранадағы турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстаннан барлығы 47 балуан бақ сынаған. Оның 23-і – грек рим күрес шеберлері. Үшеуі – әйелдер күресінен, ал қалған 21 балуан – еркін күрестен. 

Еркін күрестен барған 21 балуаннан Болат Сақаев (86 келі) күміс алса, Рустам Мырзағалиев (86 келі) пен Мұхаммед Балғабай қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ал, әйелдер күресінде екі бұрымдымыз жеңіс тұғырыған көрінді. Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанса, Эльмира Сыздықова (76 келі) қола медальға ие болды.

Жарнама
Жарнама