Көпшілік Ақ үйдегі кездесуде Александр Усикке тиесілі белбеу тұрғанын көрген
Ауыр салмақта бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Николай Валуев Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ көшбасшысы Дональд Трампқа жалған чемпиондық белбеу сыйлады деп мәлімдеді.
Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің осыдан бірер күн бұрын Ақ үйде өткен кездесуі барысында кадрдан аса ауыр салмақ өкілі украиналық Александр Усикке тиесілі белбеу көрініп қалды. Боксшының өзі сол күні-ақ белбеулердің бәрі өз үйінде екенін айтқан, алайда сыйлықтың қайдан шыққанына қатысты пікір білдірген жоқ.
«Бұл көшірме, мұны мен ғана емес, бәрі біледі. Бокстан әлемнің барлық чемпионы Зеленскийдің АҚШ-қа көшірме апарғанын жақсы біледі. Бұл жерде мәселе елеп-ескеруде емес, манипуляцияда. Себебі Трамптың өзіне көшірме сыйға тартылғанын сезбегені көрініп тұрды», - деді Николай Валуев Sport24-ға берген сұхбатында.
Естеріңізде болса, украиналық боксшы Александр Усик 2024 жылғы желтоқсанда британиялық Тайсон Фьюриді екінші рет жеңіп, әлемдегі үздік ауыр салмақ өкілі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.