Еліміздің ұлттық құрамасы сапында 16 дзюдошы күреседі
Қазақстан дзюдошылары Австрияда өтетін әлемдік Гран-при кезеңінде сынға түседі. Наурыз айының 7-8 наурыз күндері өтетін бәсекеде әлемнің 52 елінен 438 дзюдошы қатыспақ.
Еліміздің ұлттық құрамасы сапында 16 дзюдошы күреседі. Олардың қатарында әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова да бар.
Әйелдер құрамасында Абиба Абужақыновадан бөлек, Толғанай Әбеуова (-52 кг), Дана Абдирова (-57 кг), Самалай Ерғалиева (-63 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг) күреседі.
Ал ерлер арасында Талғат Орынбасар (-60 кг), Нұрмұхаммед Ботабай (-66 кг), Қуан Барыс, Данияр Шамшаев (екеуі де -73 кг), Мади Амангелді, Азат Күмісбай (екеуі де -81 кг), Мейірлан Максим (-90 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) сынды балуандар бар.
Айта кететін жайт, Қазақстан дзюдошылары жыл басынан бері екі жарысқа қатысып, әрқайсысынан тек 1 қола медальдан ғана иеленді. Оның бірі аса ауыр салмақта күрескен Ерасыл Қажыбаевқа тиесілі болса, жақында Ташкент Гранд Слэмінде Абылайхан Жұбаназар үздік үштікке енді.