Ол екі мәрте әлем чемпионы атанған
Бүгін грек-рим күресінен Олимпиада ойындарында чемпион атанған Шәміл Серіковтің туған күні. Қазақ спортшылары арасында Олимпиада чемпион атанған үшінші спортшы саналатын саңлақ тірі болғанда 69 жасқа толар еді.
Шәміл Серіков 1956 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Классикалық күрестен Мәскеу Олимпиадасында топ жарған ол ұлт спортшылары арасында ең үздік нәтиже көрсеткен атлеттердің бірегейі. Ол екі мәрте әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, Еуропа біріншілігінің жеңімпазы.
57 келіде белдескен Шәміл Серіков 32 жасында өмірден өтті. Мәскеу Олимпиадасынан кейін құрамадан шеттетілген спортшы ұзақ жылдар бойы қиыншылықты бастан кешіргенін жақындары естеліктерде үнемі айтады. «Динамо» сапында күрескен спортшы 1988 жылдың 22 қарашасында өзіне қол жұмсап, бақиға аттанған.