Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дзюдодан Өзбекстан құрамасының бапкерлік штабы толықтай ауысты

06.03.2025, 23:31

Дзюдо федерациясы шетелдік мамандарды қызметінен алып, жергілікті бапкерлерге сенім артып отыр

European Judo Union

Өзбекстанның дзюдодан ерлер және әйелдер құрамасының бапкерлер штабында өзгерістер болды. 

Бұған дейін ерлер командасының бас бапкері болып келген Илиас Илиадис, сондай-ақ әйелдер құрасын жаттықтырған неміс маманы Марко Шпитка және былтыр ғана қатарға қосылған жапониялық Микки Танака отставкаға кетті. Олармен арадағы келісімшарттың мерзімі аяқталған көрінеді.

Өзбекстан дзюдо федерациясының басшылығы жаңа жаттықтырушыларға бірнеше кандидатты қарастырып, ұзақ зерттеулерден кейін түпкілікті шешім қабылдаған. Нәтижесінде,и әйелдер құрамасының бас бапкері болып жергілікті маман Андрей Штурбабин тағайындалды. Ол 2007-2017 жылдар аралығында Өзбекстан ерлер құрамасын жаттықтырған. Ал ерлер құрамасының бас бапкері болып эстониялық Алексей Будолин тағайындалды. Ол бұған дейін Швейцария құрамасын жаттықтырып келген.

Өзбекстанның дзюдо федерациясы екі маманмен ресми келісім-шартқа қол қою рәсімін өткізді.

Айта кетейік, Өзбекстан дзюдосы соңғы жылдары айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, былтыр өткен Париж Олимпиадасында үш бірдей жүлде иеленді. Диёра Келдиёрова чемпион атанса, Алишер Юсупов пен Музаффарбек Туробоев қола жүлдеге қол жеткізген. Ал, соңғы 3 әлем чемпионатында 8 медаль иеленді.

Жарнама
Жарнама